27
январь
2025
«Заң мен тәртіпті сақтаудағы менің үлесім!»
Түркістан қаласының білім бөлімі Түркістан облысы білім басқармасының 22.01.2025жылғы №25/419 хатына сәйкес, мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы «Заң мен тәртіп» қағидаттарын ілгерлету шараларын жүзеге асыру тапсырмасы аясында 2025 жылдың 27 қаңтары күні №18 мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіпті сақтаудағы менің үлесім!» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларына бірыңғай адалдық сағаты өткізіліп эссе алынды. Бірыңғай сағаттың мақсаты – құқық бұзушылықпен күресу және заң алдындағы жауапкершілікті сезіну.
Іс-шараның қорытындысында оқушылар заңды құрметтеу мен тәртіп сақтаудың маңыздылығын түсініп, өз жауапкершіліктерін тереңірек сезінді. Мақсаты: құқықбұзушылық пен күресу және тәртіпті сақтау тәрбиеге ерекше көңіл бөлу.
Жастарға заманына сай тәрбие беру – бүгінгі күннің ең басты міндеті.

