Алғыс айту күні атап өтілді » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
февраль
2025

Алғыс айту күні атап өтілді

    Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясында бүгін Алғыс айту күні атап өтілді. Бұл күн – бір-бірімізге ризашылық білдіріп, жақсылықты бағалайтын тамаша мүмкіндік. Мереке барысында оқушылар мен мұғалімдер бір-біріне алғыс сөздерін арнап, жүрекжарды тілектерін білдірді. Арнайы ұйымдастырылған шарада оқушылар өз ұстаздарына, ата-аналарына, достарына алғыс айтып, шағын концерттік бағдарлама ұсынды. Әсем әндер, әсерлі өлеңдер мен көріністер көпшіліктің көңілінен шықты. Алғыс айту – мейірімділіктің, сыйластықтың, бірліктің белгісі. Бұл мереке мектебіміздің әрбір мүшесіне жылулық сыйлап, айналасына жақсылық жасауға шабыттандырды.Баршаңызға алғысымыз шексіз! Жүректеріңіз мейірім мен қуанышқа толы болсын!