1-ҚАЗАН - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ
"Қартын сыйлаған елде қасиет бар, олар айтқан сөзде өсиет бар" - деп дана халқымыз ежелден қариясын сыйлаған.
1-қазан - Халықаралық қарттар күніне орай “Қарттарым-асыл қазынам” тақырыбында мектепшілік іс-шара жоспарына сәйкес, оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге , өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында мектебіміздің өзін-өзі басқару ұйымы , мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Тлеубеков Бексұлтан ағай "Бекзат" мөлтек ауданының тұрғыны жалғыз басты Гүлсім апамыздың үйіне барып, қыздар тобы үйін жинастырды , ұл балдар ауласын тазалап реттестірді. Гүлсім апа оқушыларға өз батасын, ақ тілегін айтып мектебіміздің әкімшілігіне үлкен рахметін айтты.
Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету- ата-бабадан келе жатқан салтымыз, ежелден қалыптасқан адами құндылығымыз.
Әсіресе, бүкіл саналы ғұмырын ел дамуы мен жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған қазыналы қарттарымыздың еселі еңбегін ешкім жоққа шығара алмайды, керісінше, «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деп оларға айырықша ізет көрсетіп, батасын алу – бүгінгі ұрпақтың парызы.


