ҚІІБ-ның ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры К.Қапашовпен жиналыс » Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназия
Түркістан облысы білім басқармасының
Түркістан қаласының білім бөлімінің
"Ж.Едилбаев атындағы №18 мектеп-гимназия"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(725-33) 2-68-22
Есепші бөлімі:
+7(725-33) 2-68-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚІІБ-ның ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры К.Қапашовпен жиналыс
16
май
2025

ҚІІБ-ның ЮПТ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры К.Қапашовпен жиналыс

   Түркістан ҚІІБ-ның ЮПТ учаскелік полиция инспекторы полиция майоры К.Қапашов 8-11 сыныптарға жиналыс жасады.Бүгінде жастар арасында түрлі есірткі пайдалану да сәнге айналғаны жасырын емес. Қазіргі уақытта жастар арасында кеңінен таралған синтетикалық есірткі. Синтетикалық есірткілер – бұл психо белсенді есірткі заттарының жаңа түрлері болып табылады. Оларды тұтыну адамның ағзасына өте ауыр зиянын тигізеді.Ол орталық нерв жүйесін зақымдайды. Синтетикалық есірткілерді тұтынған адамда өмір бойына психикалық ауру диагнозы қалады. Оларды бір рет қолданудың өзі өмір бойына тәуелділікке алып келуі мүмкін. Ал, олардан бас тарту өте қиын болып қалады. Синтетикалық заттарды ине арқылы екпейді, иіскеу немесе суға араластырып ішу арқылы қолданады. Сондықтан, адамдар мен ине салмаймын, демек нашақор емеспін деген түсінікте болады. Ал, синтетикалық заттардың әсері марихуана, гашиштен 5 есе жоғары. Нашақор қорқақ, галюцогенді немесе негізсіз қорқыныштарға беріледі. Көңілді отырған адам 5 минуттан соң жылап отыруы мүмкін, үнемі бір затын жоғалтып алғандай іздеп жүреді, 2-3 тәулік ұйықтамайды немесе керісінше өте көп ұйықтауы да мүмкін. Көзіне бір заттар елестеп, қылмысқа да барып жатады.Алдағы уақытта зиянды заттарды қолданбауға кеңес берді.