Психологтың 2024-2025 оқу жылының жарты жылдық есебі
«Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп-гимназиясы» КММ
педагог-психологтарының 2024-2025 оқу жылының
І – жарты жылдықта атқарылған жұмыс есебі
- 2024-2025 оқу жылында Педагогикалық-психологиялық қызмет құжаттарын дайындап, психологтың жылдық жоспарын жасап бекітіп, іс құжаттар реттелді.
2024-2025 оқу жылы. «Білім алушы, педагог қызметкер, ата-ана арасындағы психологиялық
саулығын сақтау және жан дүниесін дамыту қамтамасыз ету » мақсатында 2024-2025 оқу
жылында педагог-психологтар мына төмендегі жұмыстар атқарылды.
Оқу жылында жалпы оқушы саны: 1933 оқушылар білім алуда.
- Мектеп бойынша мүмкіндігі шектеулі оқушылардың және арнайы түзету сыныптарын ашу мақсатында ата-аналарға түсініктеме жұмысын жүргізіліп, жеке құжаттарын ата –анамен байланыс жасай отырып, ПМПК мекемесіне ата – анасымен оқушыларды апарып 2024-2025 оқу жылына қорытынды анықтамасын алып, соның негізінде мектепішілік бұйрығы шығарылып оқу жылында 18 оқушы үйден оқытылып жатыр.
10 оқушы түзету-дамыту арнайы сыныбында оқытылуда.
4 «е» сынып жетекшісі Д.Ділдабаева
- Педагогикалық ұжым арасында психологиялық қызмет туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- 1-сынып оқушыларынан «Мектепке психологиялық даярлық деңгейі» бойынша зерттеу жұмыстар алынып, мониторинг жасалды.
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау
Әдістеме: ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеті, есепке жүйріктілігі, зейіні.
Мерзімі: 02-06/09. 2024 жыл
№ | сынып | Мұғалімнің аты-жөні | Толық жетілгендер | Орташа жетілгендер | Төмен жетілгендер |
1 | 1 «а» | Тұрымбет Гүлмира | 75% | 25% | 0% |
2 | 1 «ә» | Шектібаева Ұлжанар | 74% | 22% | 4% |
3 | 1 «б» | Сыздықова Дина | 85% | 15% | 0% |
4 | 1 «в» | Қаражанова Гүлзина | 28% | 57% | 14% |
5 | 1 «г» | Қалбергенова Жанат | 71% | 24% | 5% |
6 | 1 «д» | Толықбаева Гүлнұр | 64% | 31% | 5% |
7 | 1 «е» | Сәрсенбаева Алима | 66% | 28% | 6% |
8 | 1 «ж» | Тулебаева Ырысжан | 65% | 35% | 0% |
Мақсаты: Оқушылардың интеллектуалдық деңгейін анықтау
Мерзімі: 2-12/09.2022 жыл
сынып | Мұғалімнің аты-жөні | Оқиды | Әріптерді таниды | Әріптерді толық танымайды | Әріптерді танымайды |
1 «а» | Тұрымбет Гүлмира | 40% | 40% | 20% | 0% |
1 «ә» | Шектібаева Ұлжанар | 53% | 43% | 0% | 4% |
1 «б» | Сыздықова Дина | 67% | 33% | 0% | 0% |
1 «в» | Қаражанова Гүлзина | 28% | 21% | 44% | 7% |
1 «г» | Қалбергенова Жанат | 43% | 23% | 29% | 5% |
1 «д» | Толықбаева Гүлнұр | 31% | 54% | 10% | 5% |
1 «е» | Сәрсенбаева Алима | 45% | 28% | 21% | 6% |
1 «ж» | Тулебаева Ырысжан | 18% | 41% | 41% | 0% |

- 1 сынып оқушылардың «Айзенк» әдісі бойнша темперамент типтері анықталды, мониторинг жасалды.
- 05.09.2024ж ІІ – ауысымда тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен бірге 5-7 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді.
- 05.09.2024ж І – ауысымда тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлармен бірге 8-11 сынып қыздарымен мектепішілік қыздар жиналысы өткізілді.

- 29.09.2024 ж «Кел танысайық 1 - сыныпқа» тренинг сабақ жүргізілді.
- Мектепке жаңадан келген оқушылармен және 5 сынып оқушыларының бейімделуін анықтап оқушыларға кеңестер беріліп, түсініктеме жұмыстары жүргізілді.
- 5 сынып оқушылардың «Айзенк» әдісі бойнша темперамент типтері анықталды, мониторинг жасалды.
- Тәуекел топты анықтау мақсатында «Кабинеттік талдау» жұмыстары
Әлеуметтік педагогтың мәліметтері. Оқушының әлеуметтік жағдайы (статусы), ата-
анасының ажырасқандығы, әкенің немесе ананың қайтыс болғандығы, өгей әке, өгей
анамен бірге тұруы, отбасында суицид орын алуы, тұрмыстық жағдайы.
Мектеп инспекторының тіркеудегі отбасылар тізімі. Ата-анасының аты-жөні, есепке
алынған күні, есепке алудың себебі.
Мектеп инспекторының тіркеудегі оқушылар тізімі.
Медбике толтыратын тізім (Д-есебі). Денсаулығына байланысты тіркелген оқушылар тізімі
алынды.
Тәуекел топты анықтау мақсатында «Далалық зерттеу» жұмыстарын жүргізу мақсатында
- «Сауалнама» әдістемесі
- «Менің отбасым», «Менің ең жақын досым», «Менің арманым» тақырыптарында эссе
жазылды.
Осы екі кезеңдік зерттеудің нәтижесінде Тәуекел топтың жасыл деңгейіне 5-11 сынып
арасында 163 оқушы, сары деңгейге 20 оқушы тіркелді. Тәуекел топқа тіркелген
оқушылармен «Аутдеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу» мақсатында жеке жұмыстар
жүргізіліп жатыр.
Сынып жетекшінің әлеуметтік желілердегі талдауы. Оқушылардың әлеуметтік желілердегі
парақшаларындағы байқалған белгілері, ойынқұмарлық, махаббат т. с.
- Аутодеструктив, құқықбұзушылық, ерте жүктілік орын алған отбасылардағы оқушылар тізімі алынып бірлескен жұмыстар жүргізілді. Девиантты мінез-құлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша тәуекел топқа тіркелген оқушылардың сынып жетекшілері арқылы бақылап байланыста болып жеке жұмыстар жүргізілді.
- 5-сынып оқушылардының психологиялық қалыптасу деңгейі. Орта буынға келген оқушылармен жұмыс: Орта буынға бейімделуі, оқушылардың пәндерге, мұғалімдерге деген қобалжуын анықтау сауалнама алынды.

- 30.092024ж «Бірінші рет 5 -сыныпқа» психологиялық тренинг-сабақ жүргізілді.
- «Айзенк» әдісі бойынша 1-11 сыныптардың темперамент типтері анықталды, мониторинг
жасалды.
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларымен бірге жұмыс атқару барысында мектепішілік 3 – оқушы және қалалық ішкі істер бөліміне 1 – оқушы тіркелді. Оқушылармен жеке психодиагностикалық зерттеу және алдын алу жұмыстары жүргізілді.
Қазан айынан бастап үйден оқытылу бойынша жаңадан 3 – оқушы тіркелді. Қазіргі таңда
үйден оқитын оқушалар саны 21 – оқушы.
- Бастауыш сынып оқушылармен психодиагностикалық жұмыстар. Зейінді дамыту және
түзету. «Графикалық диктант» 1- 2 сынып оқушыларынан жұмыс алынды.
- «Буллинг дегеніміз не? 5-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмысы жүргізіліп, сауалнама алынды. Сауалнаманың қорытынды мониторингісі жасалды.
- Мұғалімдерге «Буллинг және кибербуллинг» жөнінде түсіндірме жұмыстар және алынған сауалнаманың қорытындысымен таныстырылды.

- «Кәсіптік бағдар» бойынша психодиагностикалық жұмыс. 11 сынып оқушыларының «Мамандық таңдауға дайындығын» анықтау сауалнамасы алынды.
- 1- сынып оқушылардың ата-аналарынан googlе форматта «балаңыз мектепке дайын ба?» сауалнама алынды.
- 5 сынып оқушылардың мектепке бейімделуі және отбасындағы ахуалдың әсерін анықтауға ата-аналарға googlе форматта сауалнама алынды.
- 28-31 қазан айында үйден оқытылатын оқушылардың психологиялық ахуалын анықтау барысында арнайы педагог, әлеуметтік педагогтармен бірлесіп оқушылардың үйлеріне аралау жұмыстары жүргізілді.


- 29.10-06.11.2024жылы ҚР Оқу – ағарту министрлігінің «Игі істер марафоны» аясында еббқ ететін үйден оқитын оқушылармен және арнайы сынып оқушыларымен мейірімділік апталығы өтті.

- Бастауыш сынып оқушылармен психодиагностикалық жұмыстар. Зейінді дамыту және
түзету. «Графикалық диктант» 3-4 сынып оқушыларынан жұмыс алынды.
- 11.11.2024ж күні «Досбол LIKE» буллинг және кибербуллингтің алдын алу» бойынша жоғары сынып оқушылармен тренинг сабақ өтілді.

- «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыпта 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынды.
- Бастауыш сынып мұғалімдерге « Бастауыш сыныпта белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың коммуникативтік қабілеттерін дамыту» тренинг сабақ өтілді.
- 5-11 сынып оқушылардан «Сезім мен көңіл күй» сауалнама алынды. Осы сауалнаманың нәтижесінде депрессияға ұшараған оқушыларды анықтауға болады.
- 5-11 сынып оқушылардың ата – аналардан «Сіз балаңыздың бос уақытын бақылайсыз ба?» googlе форматта сауалнама алынды.
- 27.11.2024ж «Ерте жүктіліктің алдын алу» генеколог манамен бірге жоғары сынып қыздарына видиоролик, слайд арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

- 1- сынып оқушылардың таным процесі бойынша (есте сақтау, ойлау, зейіні)
анықталды.
- 05.12.2024 ж «Аутодеструктивті мінез-құлқтың алдын алу педагогтарға арналған семинар – тренинг» тақырыпты мұғалімдерге жүргізілді.
- «Деструктивті мінез-құлықтың алдын алу» тақырыпта ата-аналармен семинар-тренинг өтілді.

- 2-11 сынып оқушылардың таным процесі бойынша (есте сақтау, ойлау, зейіні) тест жұмыстары алынды және мониторинг жасалды.
- Қалалық білім бөлімінен келген хат негізінде «Үй , адам, ағаш» проективті әдістемесінің қорытынды есебі жіберілді.
Жалпы оқушы саны (5-11 сыныптар) | Қатысқан оқушы саны | Психологиялық ауытқулар | Отбасылық мәселелер | Эмоционалды мәселлелер (жалғыздық, қорқыныш) | Меніз-құлық мәселелері | Өзін-өзі бағалаудағы мәселелер «жоғары және төмен бағалау) | Суицидке бейімділік |
1190 | 1174 | 0 | 5 | 3 | 2 | 8 | 0 |

- 26.12.2024 ж « Ерекше әлем мен жүрек жылуы» тақырыбында үйден оқитын оқушыларға, ана-аналарға көңілді кеш ұйымдастырылды. Келген ата-аналарға «ойлан тапта, сыйлық ал» атты жаттығу жүргізілді.

- Түркістан қаласының білім бөлімі «Түркістан облысының психологиялық қодау орталығы»
КММ-нің №33 санды хатына сәйкес тәрбие ісінің орынбасарлары, әлеуметтік педагог, сынып жетекшілермен бірлесіп ІІ – жарты жылдықта оқушылармен, ата-аналармен, мұғалімдермен семинар – тренинг сабақтарын өту.
Педагог-психологтар: М.Жунайтова
Ж.Абдурасулова